⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер Жайылымдар туралы Заңы

10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер Жайылымдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер Жайылымдар туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары: 

      1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысады; 

      2) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды және талқылайды; 

      3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде орналасқан жайылымдарды қайта бөлу мәселесін қарау кезінде қатысады; 

      4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруға қатысады; 

      5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; 

      6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша жайылым пайдаланушылармен, жайылым пайдаланушылар бірлестіктерімен (жай серіктестіктермен, консорциумдармен) өзара іс-қимыл жасайды. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы