10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
Азаматтық және эксперименттік авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызметке:
1) әуе кемелерін пайдалану, ұшуды жүргізу және соған дайындалу;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету, аспаптар арқылы ұшу схемаларын әзірлеу және аэронавигациялық карталарды жасау;
4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;
6) ұшуды әуеайлақпен қамтамасыз ету;
7) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету;
8) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
9) құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару;
10) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау;
11) медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
12) ұшуды авариялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету;
13) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) жерде қызмет көрсету;
15) осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көзделген, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызмет;
16) осы Заңның 105-бабының 2-тармағында көзделген авиациялық қауіпсіздік шаралары;
17) азаматтық авиация саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
18) авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жатады.
Ескерту. 2-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы