Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Сотталғандардың қылмыстық  іс әрекеттері дұрыс сараланбаған

Сотталғандардың қылмыстық  іс әрекеттері дұрыс сараланбаған

Сотталғандардың қылмыстық  іс әрекеттері дұрыс сараланбаған

Сотталғандардың қылмыстық  іс әрекеттері дұрыс сараланбаған


И. ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен, 188-бабы 4-бөлігінің  3) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.


С. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігімен, 188-бабы 3-бөлігімен, 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған.


Ә., Т., С., С.,Б., А., Қ., Т., ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігімен, 188-бабының 4-бөлігінің 3) тармағымен 2 жылдан 5 жыл 3 айға дейін 
мерзімдерге бас бостандығынан айыуға сотталған.


Ү., Е. ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігімен, 28-бабының 5-бөлігімен, 188-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен 5 жыл 3 айға және 1 жыл 6 айға бас бостанығынан айыруға сотталған.


Ж., С. ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен әрқайсысы 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталға. 
Рақымшылық жасау актісіне сәйкес Ж. бас бостандығын шектеу жазасынан босатылған, С-ның жазасы қысқартылып, оған түпкілікті 1 жылға шектеу жазасы тағайындалған.


Сот үкімімен сотталған И. ұйымдасқан топты құрып, оған басшылық еткені үшін, ал сотталғандар С., Қ., Т., Т., А., Б., Е., С., Ә., Ү., 
С., ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін, сондай-ақ И., С., Қ., Т., Т., А., Б., С., Ә., С. бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жасырын түрде жымқырғаны үшін, сотталғандар С., Ж. салғырттық, яғни лауазымды адамның өз міндеттеріне адал қарамауы немесе тиісінше орындамау салдарынан ұйымдардын мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, абайсызда ауыр зардапқа әкеп соққаны үшін кінәлі деп танылған.


Апелляция сатыдағы соттың қаулысымен үкім өзгертілген.Үкімнің сотталғандарды ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен, 262-бабының 2-бөлігімен айыпты деп таныған бөлігінің күші жойылып, олардың кінәсі дәлелденбегендіктен қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.


С., Б., А., Т-ға ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолданып, олардын әрқайсысына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.


Ә., С., Қ. тағайындалған жазаны толық өтеуіне байланысты дереу қамаудан босатылған.


Апелляциялық үкімімен сотталғандар С., Ж.-ға қатысты үкімнің күші жойылып, ақтау үкімі шығарылған.
Кассациялық сатымен бірінші сатыдағы үкімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы төмендегі негіздерге байланысты өзгертілді.


Қылмыстық іс материалдарымен анықталғандай, И. бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында ұйымдасқан топ құруды қылмыстық ісі жеке өндіріске бөлектенген тұлғамен шешіп, ол топқа таныстары – Мақат сервис орталығынын қызметкерлерін енгізіп, олардын әрқайсысының рөлін нақты анықтап оған басшылық еткен.И. және бөлектенген тұлға топ мүшелеріне ішкі жүріп-тұру 
ережелерін белгілеп, олардын рұқсатынсыз өз бетінше сервис орталығында дизель отынын ұрлаумен айналыспауларын ескертіп, заңсыз жолмен түскен табыстан ұйымдасқан топ мүшелеріне әрекеттеріне қарай ақша қаражаты беретінің нақтылап, әрқайсысының рөлін айқындап, сервис орталығына жөндеуге келген локомотивтердің багынан дизель отынын қалай жасырын ұрлау тәсілін ұйымдасқан топ мүшелеріне үйреткен.


Бірінші сатыдағы сот іс бойынша заң талаптарын сақтай отырып, сот тергеуін жан-жақты жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинақтаған және сот отырысында тікелей зерттеп, объективті бағалаған, дейіктілігі жағынан күмән келтірмейтін дәлелдемелер жиынтығын негізге алып, сотталғандар үкімде сипатталған қылмыстық әрекетті жасағандары үшін кінәлі деген тұжырымға дұрыс келген және олардын қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен, 262-бабның 2-бөлігімен дұрыс саралаған.


Алайда жаза тағайындау барысында заң талаптарын және іс бойынша анықталған мән-жайларды назарға алмаған.
ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотталғандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде немесе одан кейінгі мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін.

Сот алқасы заң талаптарын негізге алып, С., Б., А., Т., Ә., С. жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтын сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, олардын жеке бастарының деректерін, қылмыстық жауаптылықтары мен жазаларын жеңілдететін мән-жайлардын болуын, яғни бұрын сотталмағандарын, олардын отбасылық жағдайларын, асырауында жас балаларының болуын ескеріп, оларға жазаны ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігінің талаптарын қолданып тағайындау қажет деп шешті.Апелляциялық саты сотында анықталғандай, С. және Ж. ұйымдасқан топ бар екенің білмеген, ұйымдасқан топтың мүшелерімен қатынаста болмаған. Сондықтан апелляциялық сатыдағы сот С. мен Ж.-ны ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәсіз 
деп танып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құрамының болмауына байланысты ақталуға жатады деген тұжырымы негізді болып табылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.