Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылды

Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылды

Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылды

Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылды


Ж. ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен мемлекеттік қызметті атқару  құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеке мүлкі тәркіленіп, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 5 000 000 теңге айыппұл жазасына сотталған.


Сот үкімімен Ж. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, қызмет бабын жеке бас пайдасына пайдаланып 100 000 теңгені пара ретінде алғаны үшін кінәлі деп танылған.


     Қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралмаған.Бас Прокурор өз наразылығында сот үкімінің күшін жойып, 
сотталған Ж-ның әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес іс жүргізуден тоқтатуды сұраған.
      Кассациялық инстанция төмендегі негіздермен сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
       Соттың Ж. айыптау үкімінің сипаттау-уәжделеу бөлігінде көрсетілген мән-жайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсінің дәлелденгендігі туралы тұжырымдары басты сот талқылауында объективті түрде зерттеліп, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген және істің нақты мән-жайларына сәйкес келеді.
      Айптау үкімінің негізіне Ж. кінәсін толық мойындаған біркелкі  айғақтарымен қатар, арызданушы Т. жауабы және қылмыстық құдалау органы ұсынған дәлелдемелердің жиынтығы дұрыс алынған.
      Сот жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алып, Ж.  жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның жеке басына байланысты деректерді, қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, ол кінәлі деп танылған қылмыстық заңның санкциясы шегінде әділ жаза тағайындаған.
       Мұндай жағдайда, Бас Прокурордың наразылықта көрсеткен уәждері іс материалдарындағы дәлелдемелермен теріске шығарылуына орай қанағаттандырусыз қалдырылып, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылуға жатады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.