⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

 

 Соттар ұқсас жағдайларда әртүрлі шешімдер қабылдаған кезде сот практикасының негізгі проблемасы болып табылады.

Біркелкілікті бұзудың басты себебі – заңнаманы жетілдірмеу.

«ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сының 9-тармағына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде соттар жеке көзқараспен қарауды қамтамасыз етіп, өтінішхатта және өзге де материалдарда келтірілген мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткіліктілігін әрбір талқылау кезінде анықтауға, яғни сотталған адамның тәртібіндегі оң өзгерістерді бағалауға тиіс.

Соттар сотталған адамның тәртібіне баға беру кезінде олардың ішкі тәртіп қағидасын сақтауын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарын орындауын, тәрбиелік сипаттағы іс шараларға және мекеменің қоғамдық өміріне қатысуын, көтермелеулерді, жазаларды, туған-туыстарымен және сотталған адамдармен қарым-қатынасты сақтауын, оқуға көзқарасының оң немесе теріс бағытын, залалды өтеуін, жеңіл тұрмыстық жағдайға ауыстыруды және сотталған адамның түзелгенін айғақтайтын басқа да мән-жайларды ескеруге тиіс.

Осылайша, заңнамада, жалпы алғанда, сот ШМБ немесе ЖЖА туралы өтінішхатты шешу кезінде ескеруге тиіс мән-жайлар санамаланған, сонымен бірге қабылданатын шешім белгіленген мән жайларды бағалаумен тығыз байланысты және судьялардың қалауына байланысты болады.

Белгілі бір шешім қабылдау үшін қандай да бір нақты өлшемшарттар көзделмеген, атап айтқанда, тәртіптің жағымды дәрежелерінің қайсысы, көтермелеу саны, олардың тұрақты болуы сотталған адамның тәртібіндегі жағымды өзгерістер туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті болып табылатыны кӛрсетілмеген.

Мысалы, 2023 жылғы 23 маусымда Алматы облысының Іле аудандық соты 1,3 млн. теңгеге өндіріп алынбаған талап қою кезінде 2022 жылғы наурызда ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған (бұрын ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша бас бостандығын шектеуге сотталған) М. ЖЖА туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

1 көтермелеудің және тәртібінің алғашқы жағымды дәрежесінің болуы, өндіріп алудың болмауы қанағаттануға негіз болды.

Алайда дәл осы сот ұқсас жағдайларда басқа сотталғандарға ЖЖА-дан бас тартты.

Мысалы, 2023 жылғы 16 қаңтарда дәл осы сот 2020 жылы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 1,7 млн. теңге сомасына өндіріп алынбаған залалдың салдарынан 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған К. ЖЖА-дан бас тартты. Бұл сотталған адам бұзушылықтарға жол бермегеннің,

2 көтермелеуі болған, оған 2 жағымды тәртіп дәрежесі берілгеннің өзінде болып отыр.

Дәл осы сот 2022 жылғы сәуірде ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған (бұрын ҚК 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған) С. 2023 жылғы 20 желтоқсанда ЖЖА-дан бас тартты.

Сотта сотталушының 2 көтермелеуі, екінші жағымды тәртіп дәрежесі бар екендігі анықталды. Өндіріп алуы жоқ, жеңілдетілген жағдайда ұсталады, талапқоюды өтеді, 5 баласы бар.

Сот өз шешімін ұсынылған материалдарда сотталушының өзінің түзелгенін дәлелдегені туралы толық және жеткілікті мәліметтер жоқ деп уәждеді.

Барлық қылмыстар үшін заңда ШМБ және ЖЖА үшін сол бір шарттар белгіленген.

Алайда, сот қаулыларын талдау соттардың әйтсе де қылмыстық әрекеттің сипаты мен ауырлығына байланысты сотталған адамның тәртібіне қойылатын талаптарды түрлендіретінін көрсетеді.

Мәселен, сотталғандардың меншікке қарсы және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары үшін өтінішхаттарын қарау кезінде соттар негізгі талап – залалдың орнын толтыруды алға тартады.

Бұл ретте сотталғандардың тәртібіне қатысты соттар кейбір жағдайларда тәртіптің 1 немесе 2 жағымды дәрежесін, бір немесе бірнеше көтермелеудің болуын және өндіріп алудың болмауын жеткілікті деп санайды. Соттардың мұндай ұстанымы дұрыс болып көрінеді.

Мысалы, 2023 жылғы 21 ақпанда Өскемен қаласының № 2 соты 2020 жылғы қарашада ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыруға (өтелмеген мерзім 3 жыл 7 ай) сотталған Е. ЖЖА туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот шешімі сотталған адамның 13,8 млн. теңге сомасына залалды толығымен ӛтегенін, ӛндіріп алуы жоқ екеніне, 3 көтермелеу алғанын, тәртіптің екінші жағымды дәрежесі берілгенін уәждеді.

Басқа жағдайда 2023 жылғы 11 мамырда Ақмола облысының Аршалы аудандық соты 2021 жылы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі, 191 бабының 2-бөлігі бойынша 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруға сотталған Қ. ЖЖА туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот бұл шешімді сотталған адамның залал мен сот шығасыларының орнын толтырғанын, 2 көтермелеу алғанын, ӛндіріп алудың жоқ екенін, оған екінші жағымды тәртіп дәрежесі берілгенін, жазасын жеңілдетілген ұстау жағдайларында ӛтеп жатқанын уәждеді.

 Мұндай түрде қылмыс жасаған кезде жәбірленушілердің мүліктік құқықтары ғана бұзылады, тиісінше, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру бірінші кезекте залалдың орнын толтырудан кӛрінеді.

Осыған байланысты заңда белгіленген жаза мерзімін өтеу, жазаны өтеу тәртібін сақтау және Мекеме берген оң сипаттама ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатты қанағаттандыру үшін жеткілікті деп санауға болады.

Залалдың орнын толтыру проблемасына орай мынадай ұсынысты айту керек.

Сотталғандар өз өтінішхаттарында бас бостандығынан айыру орындарында жұмыс орындарының болмауына байланысты залалдың орнын толтыруға мүмкіндігі жоқ екенін жиі көрсетеді.

Мұндай жағдайларда медиация институтын енгізу айтылған проблеманы шешіп, жәбірленуші тараптың материалдық-құқықтық талаптарын шеше алады.

Сот бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыру кезінде сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды жүктейді.

ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұл – сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал ететін міндеттер.

Яғни, міндеттер тізімі шектелмеген және оны сот дербес айқындайды.

Осылайша, ЖЖА туралы өтінішхат бойынша оң шешім болған кезде сот сотталған адамға жәбірленушімен жасалған медиативтік келісімді орындау жӛніндегі міндетті жүктеуге құқылы.

Әрине, медиативтік келісімнің шарттары нақты орындалуы және кӛрінеу анық емес ақпарат болмауға тиіс.

Сот мыналарды назарға алуға тиіс: сотталған адамның мамандығы бар ма; бұрын жұмыс істеген бе; жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жалақы мөлшері туралы мәліметтер бар ма. Ай сайынғы төлемдердің мөлшері жалақы мөлшеріне сәйкес келуге тиіс.

Тиісінше, ҚАК-нің 67-бабына және ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес залалдың орнын толтыру жөніндегі міндеттерді орындамаған кезде бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін.

Заңгерлер қауымының сынына жиі ұшырайтын бөлек мәселе – Қылмыстық кодекстің 216-бабы (жалған шот-фактуралар жазу) бойынша сотталғандарды ШМБ және ЖЖА .

Бұл өтініштерді қарау мәселесі айтарлықтай даулы. Яғни, адамдар жалған шот-фактураларды жазғаны үшін кінәлі деп танылады, соның салдарынан осы адамдардың контрагенттері мемлекетке салық төлеуден жалтарып, ірі және аса ірі көлемде залал келтіреді.

Сотталғандардың әрекеттері ҚК-нің 216-бабы бойынша мемлекетке залал келтірген адам ретінде сараланады, үкімнің сипаттау бөлігінде залалдың сомасы туралы көрсетіледі.

Сонымен бірге сот практикасына сәйкес төленбеген салық түріндегі залалдың сомасы, мемлекетке келтірілген залал нақты сотталғандардың қатысуымен орын алғанына қарамастан, ҚК-нің 216-бабы бойынша сотталған адамдардан емес, контрагенттерден өндіріледі. Сәйкесінше, осы қылмысты жасағаны үшін сотталған адамға төлем жүргізуді міндеттейтін азаматтық талап-арыздар қойылмайды.

Осы ретте, сотталғанның мінез-құлқындағы оң өзгерістері туралы жоғары деңгейдегі мінез-құлқы, көтермелеудің болуы және жазалардың жоқ болуы, сондай-ақ нормативтік қаулының 9-шы тармағында көрсетілген басқа да мән-жайлар дәлел бола алады.

Талдау зорлық-зомбылық, оның ішінде аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдардың ШМБ, ЖЖА туралы өтінішхаттарын қарау кезінде соттар сотталған адамның тәртібіне, сотталған адамның түзелгенін куәландыратын белгілерге көбірек көңіл бөлетінін көрсетеді.

Мұндай белгілер болып көтермелеу, ең жоғары – тәртібінің үшінші жағымды дәрежесі, сотталғандардың сотталғандар ұйымдарына қатысуы, туыстарымен қарым-қатынаста болуы, жеңіл жағдайларда ұстау деп танылады.

 Бұл жағдайда зиянды өтеу негізгі, анықтаушы фактор болып табылмайды. Бұл ұстаным абсолютті тексерілген болып табылады.

ҚК-нің 39-бабына сәйкес жазаның мақсаттарының бірі сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.

Зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар арасындағы қылмыстың қайталануы жоғары.

Сондықтан зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қатысты жоғарыда аталған жаза мақсатына жету дәлелденуге тиіс.

Жоғарыда аталған факторлар қылмыстар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың сот үкімі бойынша келтірілген залал және қандай да бір соманы өндіріп алу болмаған ӛтінішхаттарын қарау кезінде де назарға алынады.

Бұл жағдайда қылмыстың сипатына байланысты зиянның болмауы сотталушының тәртібіндегі жағымды өзгерістердің дәлелі болып табылмайды.

Мысалы, адам пара алғаны үшін сотталды делік. Іс бойынша залал жоқ, ӛйткені қылмыстық әрекеттің сарапталуы осындай.

Тиісінше, сот сотталушының тәртібін оны түзету туралы қорытындыға келу үшін заңда көзделген барлық басқа жағдайлар бойынша мұқият тексеруге тиіс.

ө материалдық зиян келтірмейді, бірақ оларды жасау мемлекеттің негізін бұзады және үлкен қоғамдық қауіп төндіреді.

Мысалы, 2023 жылғы 4 шілдеде Өскемен қаласының №2 соты 2006 жылы ҚК 96-бабының 2-бөлігі бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған (өтелмеген мерзімі 1 жыл 1 ай) М. ШМБ туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот сотталған адамның жазаның белгіленген бөлігін өтегенін, 11 кӛтермелеу алғанын, ӛтелмеген жазалары жоқ екенін, ұстаудың жеңілдетілген жағдайларында екенін, шығындарды ӛтегенін, тәртібінің үшінші жағымды дәрежесіне ие болғанын, мекеменің қоғамдық ӛміріне белсенді қатысатынын назарға алды.

Сонымен бірге, сотталғанды толық түзету туралы қорытынды жасауға негіздер жеткіліксіз болған жағдайда соттар ШМБ-дан бас тартты. Мысалы, Павлодар қаласының № 2 соты 2015 жылы ҚК 96 бабының 2-бөлігі бойынша 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған (өтелмеген мерзімі 1 жыл 9 ай) сотталған П. ШМБ-дан бас тартты.

Сот сотталған адам жазасын өтеу кезеңінде тек 6 көтермелеу алғанын атап өтті. ШМБ-дан бұрын бас тартқаннан кейін ол өзін оңынан көрсетпеді.

Оған жоғары дәреже болған кезде екінші жағымды тәртіп дәрежесі берілді. Соттар көбінесе ШМБ және ЖЖА-дан бас тартудың негізі ретінде көтермелеулердің тұрақсыздығын және олардың аз санын көрсетеді.

Шынында да, бір сотталушының 3 жыл ішінде, ал екінші сотталушының 10 жылға бас бостандығынан айыру кезеңінде 3 көтермелеуі және тәртібі үшінші дәрежелі болған жағдайда, түзетудің бірдей дәрежесі туралы айтуға болмайды.

Мысалы, 2023 жылғы 1 наурызда Қарағанды облысының Абай аудандық соты ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Ц. ШМБ-дан бас тартты. Соттың бас тартуы үшін 7 жылдан астам жазасын өтеп жүрген сотталушының тек 4 көтермелеуі бар екенін негіздеме етіп көрсетті. Басқа жағдайда, дәл осы сот 2023 жылғы 1 қарашада 2014 жылы 13 жылға бас бостандығынан айырылған Г. ШМБ туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот сотталған адамның жазаны өтеген 10 жыл ішінде 14 көтермелеу алғанын, ӛндіріп алудың болмағанын, шығындарды өтегенін, ұстаудың жеңілдетілген жағдайында екенін, сотталғандардың ерікті ұйымының жұмысына белсенді қатысатынын назарға алды.

Осыған байланысты жазаны өтеудің ұзақ мерзімдерінде көтермелеулердің жүйелілігі және тиісінше жеткілікті көтермелеулер орын алуға тиіс.

«ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-ның 9-тармағы да бұл туралы айтады, соған сәйкес соттың сотталған адамның түзелгені туралы тұжырымы өтінішхатты дәл қарау алдындағы уақыт ішіндегі ғана емес, сонымен бірге үкім шығарылғанға дейін қамауда ұсталған уақытын қоса есептегенде, оның мекемеде болған бүкіл кезең ішіндегі тәртібі туралы деректерді жан-жақты ескеруге негізделуге тиіс.

Мысалы, 2023 жылғы 10 шілдеде Павлодар қаласының №2 соты 2013 жылы ҚК 96-бабының 2-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған М. ШМБ-дан бас тартты. ШМБ-дан бас тартуды сот сыналармен уәждеді. Сотталған адам оң сипатталады және 12 көтермелеу алды.

Бұл ретте сотталушының 6 жазасы болған. Тұтастай алғанда, бұл оның тәртібін тұрақсыз деп сипаттайды. Осы сот 2023 жылғы 14 ақпанда ҚК 96-бабының 2-бөлігі бойынша 2010 жылы 19 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған А. ШМБ дан бас тартты.

Сот сотталушының 12 кӛтермелеуі бар екенін, бірақ олар үнемі алынбағанын және үлкен аралықпен алынғанын көрсетті, бұл сотталушының тәртібінің тұрақсыздығын көрсетеді.

«ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-ның жоғарыда көрсетілген ережесін ескере отырып, сотталушының тәртібін бағалау кезінде жазалардың болуын ескеру қажет.

Бұл жағдай сотталушының жазаны өтеу тәртібін сақтамағанымен қоса, оны әдейі бұзатынын көрсетеді.

Мұндай жағдайда сотталған адамның түзетілгені туралы қорытындыға келу үшін жіберілген бұзушылықтардан кейін жеткілікті мӛлшерде кӛтермелеу қажеттілігі қисынды болып табылады.

Жаза қолдану уақытын, олардың санын, жиілігін, соңғы жазадан кейін ӛткен уақытты ескеру қажет.

Мысалы, 2023 жылғы 2 қазанда Ақтөбе қаласының №2 соты 2014 жылы ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша 13 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Қ. ШМБ-дан бас тартты.

Сот залалдың өтелуіне және 4 көтермелеудің болуына қарамастан, сотталушының тәртібін тұрақты түрде құқықтық мойынсұнушылық деп тануға болмайтынын атап өтті, өйткені оның көтермелеулер алуы бір мезгілде жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін 6 жаза алумен кезектесіп отырды.

«ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-ның алынғандары мен өтелгендерін қоспағанда, жазаны өтеудің барлық кезеңі үшін сотталған адамға салынған жазалар, жол берілген бұзушылықтардың сипатын ескере отырып, оны сипаттайтын басқа деректермен бірге соттың бағалауына жататыны туралы ережесі қарама-қайшы болып табылады.

ҚАК-нің 132-бабының 10-бөліміне сәйкес, егер сотталған адам тәртiптiк жазалауды өтеген күннен бастап алты ай бойы жаңадан жазалауға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп есептеледі, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған – ондай деп есептелмейді.

Заңның аталған нормалары өндіріп алу 6 айдан кейін өтелетінін білдіреді.

Мұндай жағдайларда жазаны өтеудің барлық кезеңінде сотталушының тәртібін қалай бағалауға болатыны белгісіз.

Мысалы, сотталған адам жазаны өтеу тәртібін жүйелі түрде бұза отырып, 5 және одан да көп жазаға ие бола отырып, қысқа мерзімнен кейін белгіленген тәртіпті сақтаудың 6 айынан кейін жазасы жоқ болып есептеледі.

Мысалы, 2023 жылғы 11 қазанда Орал қалалық соты ҚК 190 бабының 3-бөлігі бойынша 2020 жылы 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Б. ШБА-дан бас тартты.

Сот қаулысы сотталған адамның тәртібінің алғашқы жағымды дәрежесі сотқа жүгінуден небәрі 3 ай бұрын анықталғанын білдіреді.

Бұл ретте бір жыл бұрын ол сол үшін тәртіптік изоляторға орналастырылған қасақана бұзушылықтарға екі рет жол берді, оған үшінші теріс дәрежелі тәртіп белгіленді, ол ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен орташа қауіпсіздік мекемесіне қайтарылды. 1,1 млн. теңге сомасына залал өтелмеген.

Сот практикасын талдау көрсеткендей, соттар барлық жазаларды назарға алады, олардың болуы сотталушы тәртібінің тұрақсыздығын, түзелуге бағытының жоқтығын көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты НҚ-ның өндіріп алуды есепке алуға тыйым салу туралы ережелері даулы болып табылады.

Ережені негіздейтін дәлелдемелер былайша берілген. өндіріп алуды есепке алу адамның бір бұзушылық үшін екі рет жауап бере алмайтындығы туралы конституциялық қағиданы бұзады. Алайда, бұл жағдайда сӛз қайта жазалау туралы емес.

Жазаны өтеу тәртібін бұзу туралы деректер сотталған адамды сипаттайтын мәліметтер ретінде әрекет етеді.

Сотталған адамның тәртібін талдау және бағалау кезінде сотталған адамның жол берген бұзушылықтың сипатын зерттеу қажет. Бұл туралы «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ-да да көрсетілген.

Атап айтқанда, ұялы телефонды сақтау және алкоголь ішу жазаны ӛтеу тәртібін қасақана бұзу болып табылады. Бірақ түзету туралы тұжырым жасау үшін олардың әртүрлі мәнге ие екені анық.

Мысалы, 2023 жылғы 18 қыркүйекте Ақтөбе қаласының № 2 соты 2015 жылы ҚК 175-бабының 2-бөлігі, 103-бабының 3-бӛлігі, 178 бабының 2-бөлігі (1997 ж. редакциясында) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Б. ШМБ-дан бас тартты.

Бас тарту негіздерінің бірі ретінде сот сотталушының алкоголь ішкені үшін екі рет жазаға тартылғанын көрсетті.

Бұл бұзушылықтар сотталғанды теріс жағынан сипаттайды. Сотталғандар қолданылған жазалармен келіспейтіндіктерін білдіретін жағдайлар бар. Алайда өндіріп алуларға шағымдану рәсімі заңды түрде реттелмеген.

Осыған байланысты жазаны орындайтын органның шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану процесін реттейтін ҚПК нің 482-бабының қолданылуын іс жүзінде дамыту қажет.

Есепті деректерге сәйкес 2023 жылы сотталған адамның жазаны орындауға байланысты ҚАЖК қызметкерлерінің әрекеттеріне 1 шағымы ғана қаралды. Мәселен, 2023 жылғы 11 қаңтарда Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты Б. оған ескертулерді заңсыз жариялау, тәртіптің теріс дәрежесін айқындау және ұстаудың қалыпты жағдайларына ауыстыру туралы шағымын қанағаттандырды.

Алайда 2023 жылғы 2 ақпанда Қарағанды облыстық соты бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойды, ӛйткені сотталған адамның мекеменің ішкі тәртібін бұзу және ҚАЖК қызметкерлерінің заңды талаптарын оның орындамау фактісі сот отырысында объективті растау тапты.

Сондай-ақ, заңда ШМБ үшін де, ЖЖА үшін де бірдей негіздер белгіленгенін атап өткен жөн, бұл – залалды толық ӛтеу және (немесе) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылықтардың болмауы.

Мысалы, 2023 жылғы 1 ақпанда Ақмола облысының Аршалы аудандық соты 2019 жылы ҚК 106-бабының 1-бӛлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған А. ЖАА-дан бас тартты.

Сот сотталушының 5 көтермелеуі бар екенін, жазамен белгіленбегенін, ұстаудың жеңілдетілген жағдайында екенін, оған тәртіптің 3-ші жағымды дәрежесі белгіленгенін анықтады. Сот шығындарын ішінара өтеу (өтелгені – 35 мың теңге, өтелмегені – 45 мың теңге) ЖЖА-дан бас тартуға негіз болды.

Басқа жағдайда 2023 жылғы 25 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №2 соты 2020 жылы ҚК 106-бабының 3-бӛлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған С. ШМБ-дан бас тартты.

Сотқа ұсынылған материалдардан сотталған адамның 3 көтермелеуі, оған тәртіптің үшінші жағымды дәрежесі берілгені, өндіріп алуы жоқ екені, ұстаудың жеңілдетілген жағдайларында болғаны белгілі болды. ШМБ-дан бас тартудың жалғыз негізі залалды ішінара өтеу болды (977 мың теңгенің 828 мың теңгесі өтелмеген).

Осылайша, ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхаттарды қарау кезінде соттар бірдей өлшемшарттарды басшылыққа алады. Ал аталған құқықтық институттар мүлдем өзгеше.

Жоғарыда айтылғандай, ШМБ – бұл сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату, ал ЖЖА – сотталушының жағдайын жақсарту институты, ол кезде сотталушы жазасын өтеуді жалғастырады, бірақ үкіммен белгіленгенге қарағанда жеңіл түрде жалғастырады. Тиісінше, ШМБ және ЖЖА үшін негіздер әртүрлі болуға тиіс.

Осыған байланысты ҚК-нің 73-бабына өзгерістер енгізіп, өтінішхатты қанағаттандырудың негіздерінің бірі залалды толық қана емес, ішінара өтеуді де көздеу орынды болып табылады.

Тұтастай алғанда, сотталған адам келтірілген залалды өтеу шараларын қабылдаған кезде аздаған соманы төлемеу көбінесе өзінің тәртібімен түзелгенін дәлелдеген сотталған адамға жазаны неғұрлым жеңіл түрмен ауыстыруға кедергі келтіреді.

Бұл ретте жазаны ауыстыру сотталған адамның сот үкімімен өндіріп алынған соманы төлеу міндетін қандай да бір жолмен жоймайды, ал бас бостандығынан айыру орындарына қарағанда көбірек жұмыс орындарының болуы, керісінше, осы бӛліктегі сот шешімін неғұрлым қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ҚК-нің 72, 73-баптарының даулы редакциясы ұсынылады, ол бойынша жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзушылықтардың болмауы ШМБ және ЖЖА үшін жеткілікті негіздердің бірі ретінде көзделген. Бұдан басқа, ҚК 72-бабы бірінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтарының ережелері бір-біріне қайшы келеді.

Егер бірінші абзацта заң шығарушы ШМБ үшін сот сотталған адамдың түзелгені туралы қорытындыға келуге тиіс екенін көрсетсе, екіншісінде – залалды толық өтеуді (және жәбірленушіге азаматтық талап қойылмауы мүмкін) және жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзушылықтардың болмауын ШМБ үшін сөзсіз жеткілікті негіздер ретінде белгілейді.

Алайда жазаны өтеуді мерзімінен бұрын тоқтату немесе бас бостандығынан айыруды неғұрлым жеңіл түрге ауыстыру сотталған адамды түзету үшін оны қоғамнан одан әрі оқшаулау қажеттілігі болмаған кезде ғана орын алуға тиіс.

Сондықтан сотталған адамның заңда көзделген жаза мерзімінің бір бөлігін іс жүзінде өтеуі ШМБ немесе ЖЖА үшін сөзсіз негіз бола алмайтындығы туралы нормативтік қаулының ережесі өте дұрыс болып табылады.

ҚК-нің 72-бабы 1-бөлігінің 2-абзацына сәйкес ресми түрде босатылуға жататын сотталғандардың іс жүзінде түзелмегені туралы мысалдар бар.

Мәселен, 2021 жылғы 11 маусымда Қостанай қаласының соты бірнеше рет сотталған Баужановты ҚК 378-бабының 1-бөлігі, 188-бабы 2-тармағының 3-бөлігі бойынша 3,6 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

Оның әрекеттерінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылды. 2023 жылғы 27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық соты оны өтелмеген 1 жыл 5 ай мерзімге ШМБ бойынша босатты.

Сот дәлелдер ретінде 2 көтермелеудің бар екенін, өндіріп алудың жоқтығын, жазаны жеңілдетілген жағдайларда өтегенін, тәртіптің екінші жағымды дәрежесінің бар екенін, үкім бойынша залалды өтегенін көрсетті.

Алайда 2023 жылдың мамырында сотталған адам қайтадан қылмыс жасады және 2023 жылғы 7 тамыздағы сот үкімімен ол ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы, 187-бабының 2-бӛлігі бойынша 4,6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

ҚК 72-бабының 1-бөлігі 2-абзацының ережелерін негізге ала отырып, сотта Б. ШМБ-дан бас тартуға негіз болған жоқ. Алайда оның кейінгі әрекеттерінен оның түзету жолына түспегені анық көрінеді.

Мұндай фактілер жалғыз емес. Бұл тұрғыда зерттелетін құқықтық институттардың мәні мен мақсатына неғұрлым жауап беретін, ҚК-нің бірінші бөліктің екінші абзацын қоспағанда, 72-бабының редакциясы болып табылады, ал ҚК нің 73-бабында бұзушылықтар болмауының орнына жазаны өтеу кезінде сотталған адамның тәртібін есепке алуды көздеу қажет.

Мысалы, РФ ҚК-нің 79 және 80-баптары осылай жазылған.

Қорытындылай келе, ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхаттарды қарауға деген біркелкі, негізделген және объективті көзқарас сотталғандарды үлгілі тәртіп пен түзелуге ынталандыратынын, оларды одан әрі қайта әлеуметтендіру процесін жылдамдататынын атап өткен жөн.

Сондықтан соттар жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып, өтінішхаттарды қарауға салмақты көзқараспен қарағаны, дәлелдемелерді мұқият зерделегені, заңда белгіленген өлшемшарттарды қатаң сақтағаны, сотталғандардың түзелу дәрежесін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қолданғаны, сондай-ақ қабылданатын шешімдерді егжей-тегжейлі уәждегені жөн. 

 ҚК-нің 39-бабына сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жазалауда физикалық азап шегу немесе адамның қадір-қасиетін қорлау деген мақсат жоқ.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМБ) не жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылуы мүмкін (бұдан әрі – жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру немесе ЖЖА).

ШМБ және ЖЖА – бұл жазаны өзінің үлгілі тәртібімен және зиянды түзету бойынша күш-жігерімен ӛтеу кезеңінде жазаны одан әрі ӛтеуге мұқтаж емес екенін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекеттің ізгілік және сенім актісі.

Заң соттарға ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМБ мен ЖЖА-ға құқық беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сотталған адамның тәртібіндегі жағымды ӛзгерістерді кешенді бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және сот қорытқан қорытындылардың егжей-тегжейлі негіздемесін қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМБ мен ЖЖА нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылуда.

ШМБ және ЖЖА институттары сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМБ – бұл жазаның мақсаттарына қол жеткізуге байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату.

Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға қатысты, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖЖА – бұл сотталушының жағдайын жақсарту институты, онда тағайындалған жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылады.

Бұл институттардың негізі ізгілік қағидатында құралған. Осы тұрғыда ШМБ және ЖЖА сотталғандарды тез арада түзетуге және қалыпты ӛмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМБ мен ЖЖА-ға екі негізгі ӛлшемшарттарды қолдануды негіздейді:

1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қасақана бұзушылықтардың болмауы және залалдың орнын толтыру (формальды өлшемшарт),

2) сотталған адамды түзету (материалдық өлшемшарт). ШМБ және ЖЖА соттың айрықша құзыреті болып табылады.

ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұл мәселелерді үкімнің орындалу орны бойынша әрекет ететін сот шешеді.

Сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберіндегі өтінішхаты ғана соттың ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Бұған дейін бұрынғы ҚПК кезінде бұл мәселелер жазаны орындайтын мекеменің ұсынысы бойынша қаралған болатын.

ШМБ бас бостандығынан айыруды немесе бас бостандығын шектеуді өтеп жатқан сотталғандарға, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға ғана қолданылады.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға ШМБ түзеу жұмыстарына сотталған кезде де, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға сотталған кезде ғана қолданылады.

Тізбесі ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2 бӛлігінде келтірілген адамдардың санаттарына қатысты ШМБ және ЖЖА қолдануға жол берілмейді.

 Мысалы, ШМБ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы, адам ӛліміне алып келген террористік немесе экстремистік қылмыс және т.б. үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Жалпы ШМБ және ЖЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарында, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарында, ҚПК-нің 161, 162 және 169-баптарында, сондай-ақ «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сында егжей-тегжейлі регламенттелген. Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап оның ШМБ және ЖЖА қолдануға қатысты нормалары бірнеше рет ӛзгертілді, тиісінше сот практикасы да түзетілді.

Негізінен заңнамаға өзгерістер қоғамға неғұрлым қатер тӛндіретін (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және т.б.) қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде енгізілді.

 Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚК);

- Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК);

- Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК); 

- «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ).

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы