⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Біз туралы / Кеңесбек Ислам

Кеңесбек Ислам

Адвокат

Кеңесбек Ислам Мұхамедұлының кәсіби профилі

Кеңесбек Ислам Мұхамедұлы азаматтық және әкімшілік іс жүргізу (АППК) бойынша сотта өкілдік ету саласына маманданған. 2018 жылдан бастап жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін соттарда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарында табысты қорғап келеді.

Азаматтық және әкімшілік сот өндірісі, шарттық құқықтық қатынастар, кәсіпкерлік құқық, медициналық құқық, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің нормалары бойынша терең білімге ие. Ислам Мұхамедұлы төменде көрсетілген істер бойынша бірқатар табысты тәжірибеге ие:

  • Шарттарды жарамсыз деп тану;
  • Қарыз сомаларын өндіру;
  • Материалдық және моральдық зиянды өтеу;
  • Мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыстар актілерін орындалған деп тану;
  • Әкімшілік актілерді жарамсыз деп тану;
  • Еңбек даулары (бұйрықтарды жарамсыз деп тану, өндірістік жарақаттар және т.б.);
  • Сақтандыру шартына байланысты даулар (бағалау қорытындыларын жарамсыз деп тану және т.б.);
  • Құқық қорғау органдарының, нотариустар мен жеке сот орындаушыларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану;
  • Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару (сатып алу) саласындағы даулар;
  • Жеке мүлікті заңсыз иеленуден қайтару (көшіріп шығару);
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты еңбек шарты деп тану және т.б.

Кеңесбек Ислам өзінің заңгерлік қызметін «Закон и Право» адвокаттар кеңсесінде бастап, әртүрлі құқықтық жағдайларда сенім білдірушілердің құқықтарын қорғау бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Білімі:

  • Халықаралық Бизнес Университеті (UIB)
  • Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Тілдері: қазақ тілі, орыс тілі – еркін меңгерген.

 Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Дипломдар мен сертификаттар