9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен және мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушыны:
1) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткізіп алынған берешектің мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығы;
3) қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар етуге міндетті.
Микроқаржы ұйымы қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.
2. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы-жеке тұлға микроқаржы ұйымына баруға және (немесе) өзінің микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оның ішінде:
1) сыйақы мөлшерлемесін не микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мәнін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;
3) берешекті өтеу әдісін немесе өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
4) микрокредит мерзімін өзгертуге;
5) микрокредит бойынша мерзімі өткізіп алынған негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға;
6) тараптардың келісімімен белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуіне;
7) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына микроқаржы ұйымына кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
8) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.
3. Қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарайды және қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
2) микрокредит беру туралы шарт талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;
3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабарлайды.
Қарыз алушы-жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.
Микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы-жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қарыз алушы-жеке тұлға микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде бір мезгілде микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Уәкілетті орган қарыз алушы – жеке тұлғаның өтінішін оның микроқаржы ұйымына өтініш жасауының дәлелдемесі ұсынылған және микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде қарайды.
Уәкілетті орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушы – жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жөніндегі өтінішін қарау кезеңінде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талап уәкілетті орган өтінішті өтініш жасалған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен астам қараған, сондай-ақ қарыз алушы – жеке тұлғаның бұрын қаралған мәселе бойынша өтініші қайта берілген жағдайларда қолданылмайды.
Қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы-жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:
1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;
Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және берешекті реттеуге берген күні бұл туралы қарыз алушыны коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді;
2-1) тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушыда:
жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарты бойынша – қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;
жеке тұлғаның микрокредит беру туралы өзге де шарттары бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып беруге құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-1) тармақшаның төртінші абзацы 01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).
Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы-Қазақстан Республикасының азаматына қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен ("Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы – дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттік және (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының мұндай көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.
7. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
8. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.
Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды – ҚР 24.05.2021 № 43-VII (01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы