⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы 

      1. Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі, патрульдік полиция, табиғат қорғау полициясы бөлімшелерінен және құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады. 

      2. Жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді орындауға тартуға жол берілмейді. 

      3. Учаскелік полиция инспекторы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы әкімшілік учаскеде тұратын халық алдында тоқсанына кемінде бір рет есеп береді. 

      4. Учаскелік полиция инспекторы бекітіліп берілген әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді немесе жағдайларды анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға осындай себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді. 

      Ескерту. 3-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ. 

     Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы