73-1-бап. Аталарының, әжелерінің, аға-iнiлері мен апа-сiңлiлерінің (қарындастарының) баламен араласуға құқығы Қазақстан Республикасының Заңы
1. Аталарының, әжелерінің, аға-iнiлері мен апа-сiңлiлерінің (қарындастарының) баламен араласуға құқығы бар.
2. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың аталарына, әжелеріне, аға-iнiлері мен апа-сiңлiлеріне (қарындастарына) онымен араласуға мүмкіндік беруден бас тартқан жағдайда, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен шешеді.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы