⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 63-бап. Шартты түрде соттау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

63-бап. Шартты түрде соттау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

63-бап. Шартты түрде соттау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Егер сот бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындағанда сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген түйінге келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.
  2. Шартты түрде соттауды қолдану кезінде сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, кінәлі адамның жеке басын, оның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.
  3. Шартты түрде соттауды тағайындау кезінде сот осы Кодекстің 44-бабыекінші бөлігінің қағидалары бойынша бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне, ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгiлейдi.

      Шартты түрде сотталғандағы пробациялық бақылау кезеңінде онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.

      Пробациялық бақылау сот қосымша жаза түрі ретінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шартты түрде сотталған кезде белгіленбейді.

4 Шартты түрде соттау кезiнде шектеулердің және жазаның қосымша түрлерi тағайындалуы мүмкiн.

5 Шартты түрде соттау кезiнде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.

6 Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде, адамды аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, азаптаулар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды. Көрсетілген шектеу он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Комментарий к статье 63. Условное осуждение УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 63. Условное осуждениеУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Если, назначив наказание в виде исправительных работ, ограничения по военной служ...

Толық оқу »

Сот үкімі туралы

Сот үкімі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы. РҚАО-ның ескертпесі! Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 56-т...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 6.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойын...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының...

Толық оқу »

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүкіл...

Толық оқу »