61-бап. Салықтық кезең Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Салықтық кезең – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салықтық база айқындалады, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомалары есептеледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
61-бап. Резидент-заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салықтық міндеттемесін орындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Резидент-заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
2) резидент-заңды тұлғаның өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесі;
3) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің таратудың салықтық есептілігі ұсынылады.
2. Таратудың салықтық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салықтық кезеңнің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салықтық есептілігі ұсынылмайды.
5. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы