6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған шектеулерді ескере отырып пайдаланады.
Әскери қызметшілердің:
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.
3) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескере отырып, қызметі бойынша жоғарылатылуға;
3-1) өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
7) осы Заңға сәйкес әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғынжаймен қамтамасыз етілуге;
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде арнаулы құралдарды, қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
9) өздерінің құқықтарын, лауазымдық және арнайы міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
10) жеке ісіне енгізілгенге дейін өздерінің қызметтік жұмысы туралы пікірлермен және басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ жеке іске өздерінің жазбаша түсініктемелерін, басқа да құжаттар мен материалдарды қосуға;
11) өзінің және өз отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
12) медициналық қамтамасыз етілуге және санаториялық-курорттық емделуге;
13) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қорғалуға;
14) әскери қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайларына;
15) демалысқа;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 16) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Әскери қызметшілердің қару алып жүру қағидалары жалпы әскери жарғыларда айқындалады. Әскери қызметшілердің соңғы шара ретінде мынадай:
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) күзетілетін әскери және азаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің үй-жайлары мен құрылыстарына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру;
2) қаруды және әскери техниканы күшпен тартып алу әрекетінің жолын кесу;
3) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды, егер өзге тәсілдермен және құралдармен оларды қорғау мүмкін болмаса, олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаудан, оның ішінде жануарлардың шабуыл жасауынан қорғау;
4) егер өзге тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын еңсеру, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қарулы қарсылық көрсететін не ауыр, аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қаруланған адамды ұстап алу;
5) кепілге алынғандарды, басып алынған күзетілетін объектілерді, құрылыстар мен арнайы (әскери) жүктерді босату;
6) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, сондай-ақ оларды күштеп босатуға жасалған әрекеттердің жолын кесу;
7) дабыл белгілерін беру немесе көмекке шақыру;
8) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында жеке немесе бөлімше құрамында қару қолдануға құқығы бар.
Кенеттен қарулы шабуыл жасауды, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, теңіз және өзен кемелерін пайдалана отырып шабуыл жасауды, сондай-ақ қамаудан қарумен қашып шығуды қоспағанда, қару қолданбай тұрып, оны қолдану ниеті туралы ескерту жасау көзделуге тиіс.
Әскери қызметші қаруды қолданған және пайдаланған кезде айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар әскери қызметшінің немесе басқа да адамдардың өміріне қатер төндіретін терроризм актісін, қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не топтасып шабуыл жасаған, егер ондай шабуыл жасауға өзге де тәсілдермен және құралдармен тойтарыс беру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
Әскери қызметші қару қолданудың немесе пайдаланудың әрбір жағдайы туралы командирге (бастыққа) баяндайды.
3. Əскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы