Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселе сотталған адамның өтінішхаты бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 478-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайда қаралады.

      2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, оның қылмыс арқылы келтірген залалды өтегені туралы мәліметтерді, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделгені және оның нәтижелері туралы, міндетті түрде емдеуді қажет ететін өзге де ауруларының бар-жоғы туралы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы және басқалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішхатына ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде шығарылған, заңды күшіне енген үкім қоса берілуге тиіс. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа сотталған адамның сол кезге қарай түзелу дәрежесі және оның бүкіл жаза мерзімін орындау қажет екені немесе ондай қажеттіліктің болмауы туралы пікірін береді. Сондай-ақ жазаны орындайтын мекеме немесе орган және сотталған адамның өзі сотталған адамның босап шыққаннан кейінгі болжамды тұратын орны мен оның жұмысқа орналасу перспективасы (туыстарының жазбаша келісімі, ұйымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғын үй, жұмыс орнын беруі) туралы деректерді сотқа ұсына алады.

      3. Сотталған адам сотқа ұсынылған материалдармен сот отырысы басталғанға дейін танысуға, өзінің түсініктемелерін, дәлелдемелерін ұсынуға, өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы.

      4. Егер ұсынуда жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселе қойылса, жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерден бөлек, сотталған адамға оның түзелу дәрежесін және жеке қасиеттерін ескере отырып, ауыстыру тәртібімен өтеу үшін белгіленуі мүмкін жазаның түрі, мерзімінің мөлшері туралы негізделген пікірін ұсынады.

      5. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына сотталған адамның, қорғаушының, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, прокурордың қатысуы міндетті. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және олардың өкілдерінің келмей қалуы өтінішхатты қарауға кедергі болмайды.

      6. Сот отырысының дайындық бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам не жазаны орындайтын мекеме немесе орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сотталған адам сот отырысында барлық материалдарды зерттеуге қатысуға, сотта сөз сөйлеуге және қаралып отырған мәселе бойынша өз пікірін айтуға құқылы.

      Прокурор сотқа өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырусыз қалдыру туралы дәйектелген пікірін баяндайды.

      7. Сот қарау нәтижелері бойынша:

      1) сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандыру және немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы;

      2) жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      3) жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      Сот жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы шешімді бұл туралы келіп түскен өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда да, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда да қабылдауға құқылы.

      Ескерту. 480-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказанием Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 480. Рассмотрение вопросов об условно-досрочном освобождении от наказания или замене неотбытой части наказания более мягким наказаниемУголовно-процессуальн...

Толық оқу »

96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

96-бап. Жазасын өтеп жүрген борышкердiң жалақысынан өндiрiп алуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адам...

Толық оқу »

233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыпты...

Толық оқу »

Бас бостандығын шектеу жаза ретінде бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жұмсақ шара болып табылады және сотталған адамды қоғамнан оқшауламай түзетуге бағытталған

Бас бостандығын шектеу жаза ретінде бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жұмсақ шара болып табылады және сотталған адамды қоғамнан оқшауламай түзетуге бағытталғанБостандық...

Толық оқу »

69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

69-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарды пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Бас бостандығын ше...

Толық оқу »

Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралы

Сотталған адамның ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхатын қайтару не қанағаттандырудан бас тарту туралыҚПК-нің 480-бабының 7-бөлігіне сәйкес сот қарау нәтижелері бойынша өтінішхатты қ...

Толық оқу »

171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:       1) қауіпті...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайды

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайдыАтырау облысы Махамбет аудандық сотының 2012 жылғ...

Толық оқу »

Жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасаған кезде жазаның мерзімі мен мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің үштен екісінен аспауға тиіс

Жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасаған кезде...

Толық оқу »

Осужденному должно быть назначено справедливое наказание, достаточное для его исправления и предупреждения новых уголовных правонарушений

Осужденному должно быть назначено справедливое наказание, достаточное для его исправления и предупреждения новых уголовных правонарушений Приговором суда № 2 г. Актобе Актюби...

Толық оқу »

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жеке басының қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, оны түзету үшін қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындалуы тиіс.

Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жеке басының қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіпті...

Толық оқу »

Назначение наказания Уголовный закон не запрещает назначать наказание в виде ограничения свободы при совершении особо тяжких преступлений

Назначение наказания Уголовный закон не запрещает назначать наказание в виде ограничения свободы при совершении особо тяжких преступлений Приговором специализированного межр...

Толық оқу »

Назначение наказания перечень обстоятельств, смягчающих уголовную ответственность и наказание

Назначение наказания перечень обстоятельств, смягчающих уголовную ответственность и наказание Приговором Теректинского районного суда Западно-Казахстанской области от 23 мая...

Толық оқу »

Дополнительное наказание (лишение права занимать определенную должность или заниматься определенной деятельностью)

Дополнительное наказание (лишение права занимать определенную должность или заниматься определенной деятельностью) Как показывает изучение судебной практики, в основном по вс...

Толық оқу »

87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

87-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1....

Толық оқу »

Суд при назначении наказания по совокупности приговоров не назначил дополнительное наказание.

Суд при назначении наказания по совокупности приговоров не назначил дополнительное наказание. Ж. осужден по ст.346 ч.1 УК к 2 годам 1 месяцу лишения свободы. На основании ст....

Толық оқу »

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайл...

Толық оқу »

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар...

Толық оқу »

Комментарий к статье 54. Обстоятельства, отягчающие уголовную ответственность и наказание УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 54. Обстоятельства, отягчающие уголовную ответственность и наказаниеУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Обстоятельствами, отягчающими уголо...

Толық оқу »

Комментарий к статье 53. Обстоятельства, смягчающие уголовную ответственность и наказание УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 53. Обстоятельства, смягчающие уголовную ответственность и наказаниеУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Смягчающими уголовную ответственнос...

Толық оқу »

Протест Генерального Прокурора оставлен без удовлетворения назначено наказание условным

Протест Генерального Прокурора оставлен без удовлетворения назначено наказание условным У. осужден по ст.445 ч.1 УК к 1 году лишения свободы. На основании ст.63 УК назначенн...

Толық оқу »