3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.05.2020 № 395-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы