3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда пайдаланылады.
2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.
3. Осы Заңның күші "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сұрау салуларды қарау тәртібіне қолданылмайды.
4. Осы Заңның күші " Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру тәртібіне қолданылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ.
Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы