3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Заңы
1. Жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеруге, еңбек жолының, қоғамдық және жеке өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдердің қабілеттерін барынша толық іске асыру үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамдағы ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу үшін құқықтық негіздерді құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
2) ел халқы арасында ерлер мен әйелдердің тең құқылық мәдениетін тәрбиелеу және насихаттау, жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
3) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын және халықаралық міндеттемелерді орындау;
4) саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің барлық саласында жыныстар теңдігін қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін арттыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) жыныстық тиесілілігіне қарамастан барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды пайдаланудың теңдігін қамтамасыз ету;
2) гендерлік сана-сезімді қалыптастыру, қоғамдағы гендерлік стереотиптер мен теріс түсініктерді түбегейлі жою;
3) гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік;
4) қауіпсіздікті қолдау және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық күш-жігерге екі жыныс өкілдерінің тең құқылы қатысуы.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV Заңы.
Осы Заң ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы