16-бап. Шетелдік банктердегі шоттар туралы хабардар ету Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банкте шот ашылғаны туралы осындай шотты пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырғанға дейін осындай шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау арқылы хабардар етеді.
Резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік нөмірін көрсете отырып, шетелдік банкте ашылған шотты пайдаланып жүргізілген операциялар бойынша ақпарат ұсынады.
Резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып өтінішті және шоттың деректемелері көрсетілген шетелдік банк құжатының көшірмесін ұсынады.
Есептік нөмір берілген шетелдік банктегі шоттың деректемелері өзгерген немесе ол жабылған жағдайларда, резидент-заңды тұлға (банкті және шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бұл туралы белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
2. Резидент-жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін шетелдік банктердегі шоттары туралы хабардар етпейді. Жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі меншікті шоттарынан (меншікті шоттарына) ақша аударымдары туралы осындай ақша аударымдарын жүзеге асыратын уәкілетті банк хабардар етеді.
3. Резидент-заңды тұлғалардың (банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) шетелдік банктердегі шоттар үшін есептік нөмірлерді алу тәртібі, осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы жөніндегі есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, олардың шетелдік банктегі шот деректемелерінің өзгергені немесе оның жабылғаны туралы хабардар ету тәртібі, жеке тұлғалардың ақша аударымдары туралы есептерді уәкілетті банктердің ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
4. Осы баптың талаптары "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қолданылмайды.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы