⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы 

       Ескерту. 16-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Қордың даму жоспары Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріле отырып, он жылға әзірленеді. 

      2. Даму жоспарын іске асыру мақсатында Қордың бес жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді. Қордың іс-шаралар жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен оның мазмұнына қойылатын ең төменгі талаптардың негізінде Қордың директорлар кеңесі айқындайды. Компаниялар өз қызметінің саласы шегінде Қордың даму жоспарын әзірлеуге тартылады. 

      3. Компанияларда Қордың даму жоспары негізінде компаниялардың он жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді. Компанияның даму жоспарын оның директорлар кеңесі бекітеді. 

      Компаниялардың директорлар кеңестері өздерінің даму жоспарларын іске асыру мақсатында бес жыл мерзімге әзірленетін іс-шаралар жоспарларын бекітеді. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы. 

      Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы