⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Міндеттерді атқару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

16-бап. Міндеттерді атқару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Міндеттерді атқару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

      1. Қызметкерлер: 

      1) лауазымдық міндеттер атқарған; 

      2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайлар ахуалында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттер атқарған; 

      3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан; 

      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан; 

      5) оқу-жаттығуларға қатысқан; 

      6) егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындаса, күн тәртібіне белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе басқа да уақытта қызметтік объектілердің аумағында, сондай-ақ өзге де орындарда болған; 

      7) қызметтік іссапарда болған; 

      8) қызметте, қызмет орнына бару және кері қайту жолында болған; 

      9) емдеуде немесе медициналық тексеруде (куәландыруда), емдеу немесе медициналық тексеру (куәландыру) орнына бару және кері қайту жолында болған; 

      10) арнайы жиындардан өткен; 

      11) тұтқында, кепілге алыну немесе еркінен айрылу жағдайында болған; 

      12) жеке адамның өмірін, денсаулығын қорғаған; 

      13) адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен; 

      14) сот жеке адам, қоғам, мемлекет мүдделерінде жасалған деп таныған өзге де іс-әрекеттер жасаған жағдайларда, қызметтік міндеттерін атқарушы болып есептеледі. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы