⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

15-1-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі   

      1. Әкімшілік рәсімдер қолдануға жататын барлық құқық көздерін, оның ішінде құқықтық қағидаттарды, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын айқындау негізінде құқық нормаларын нақты (дара) қатынастарға қолдану жолымен, сондай-ақ осыған ұқсас мәселелер бойынша қолданылған әкімшілік рәсімдер және бұрын қабылданған әкімшілік актілер ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. 

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, әкімшілік органдар қабылданатын нормативтік құқықтық актілер негізінде және оларды орындау үшін әкімшілік рәсімдер жүзеге асырылатын көрсетілген актілердің нақты және әртүрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынасына кепілдік бере отырып, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды. 

      3. Әкімшілік органдар әкімшілік актілердің үлгілік нысандарын (үлгілерін), бланкілерін әзірлеу және бекіту жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. 

      4. Әкімшілік органдардың басшылары біртипті мәселелерді шешу және әртүрлі әкімшілік актілерді қабылдау жағдайлары мен себептерін анықтау үшін нақ сол құқықтық нормаларды қолдану мәселесі бойынша әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілерге талдау жүргізуді қамтамасыз етеді. 

      Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы