14-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті Азаматтық қорғау туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) уәкілетті органды, ал әскери басқарудың жергілікті органдары арқылы – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тиісті дәрежедегі жауынгерлік әзірлікті енгізу туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандырады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде азаматтарды Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесіне әскери қызметке шақыруды, сондай-ақ азаматтарды жұмылдыру бойынша шақыруды жүргізеді;
3) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарларынан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы