14-бап. "16 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы
"16 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 13-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, мыналарды:
1) қатыгездік пен зорлық-зомбылық құрбандарына аяушылық сезімді және қатыгездік пен зорлық-зомбылықты айыптауды туғызатын, өзін-өзі өлтіру және (немесе) адам өлтіру сюжеттерінің эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
2) сексуалдық сипаттағы әрекеттердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қоспағанда, адамдардың сексуалдық қарым-қатынастарының эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы