14-3-бап. Бастапқы білім беру капиталын пайдалану және қайтару Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы
Есепке жазылған бастапқы білім беру капиталы мынадай:
1) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салымшының немесе сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде және мерзімдерде жыл сайынғы ең төмен жарнаны енгізбеу фактісі анықталған;
2) салымшы немесе пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
3) осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
4) осы Заңның 11-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, сақтандыру шарты сақтанушының, сақтанушы қайтыс болған жағдайда – пайда алушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған жағдайларда қайтарылуға жатады.
Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе сақтанушы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдайдың жариялануы, шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуі кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған не ол қайтыс болған жағдайда жыл сайынғы ең төмен жарнаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, бастапқы білім беру капиталы қайтарылмайды.
2. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы бастапқы білім беру капиталын операторға қайтаруды бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Қайтарылған бастапқы білім беру капиталын пайдалануды оператор бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы.
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы