⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-1-бап. Балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдер Кинематография туралы Заңы

14-1-бап. Балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдер Кинематография туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-1-бап. Балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдер Кинематография туралы Заңы 

      1. Фильмдердің "6 жасқа дейін", "6 жас тан бас тап" жəне "12 жастан бас тап" жас санаты белгісі бар балаларға арналған фильм балалар анимациялық фильмі болып табылады. 

      2. Фильмдердің "6 жасқа дейін", "6 жас тан бастап" жəне "12 жастан бастап" жас санаты белгісі бар ойын фильмі отбасымен көруге арналған фильм болып табылады. 

      3. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдерін қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм: 

      1) жеке адамның зияткерлік білім тұрғысынан үйлесімді дамуына, балалардың рухани-имандылық тəлім-тəрбиесіне бағытталған болса; 

      2) фильмдердің жас сыныптамасына сəйкес келсе; 

       3) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сəйкес келсе; 

       4) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе; 

      5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса; 

      6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады. 

      4. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм: 

      1) отбасылық қатынастарды, рухани-имандылық құндылықтарын нығайтуға жəне дамытуға бағытталған болса, жалпыға бірдей қабылданған моральдық жəне имандылық нормаларына қайшы келмесе; 

      2) фильмдердің жас сыныптамасына сəйкес келсе; 

       3) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сəйкес келсе; 

       4) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Рес публикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе; 

      5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса; 

      6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады. 

      5. Онлайн дауыс беру тəртібі Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағи даларына сəйкес айқындалады. 

      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       ЗҚАИ-ның ескертпесі!       15-бап осы Заңның 18-бабына сәйкес 31.12.2025 дейін қолданылады.  

 

      Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы