13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру мен тану, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы
Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
1) алып тасталды – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді бекітеді;
2) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады;
3) техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі консультациялық-кеңесші органның жұмысына қатысады;
4) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кәсіптік біліктілікті тану саласындағы функцияларды жүзеге асырады;
5) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, келісу бойынша мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарына қатысады;
6) экономика салаларындағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізеді;
7) техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің қызметіне қатысады;
8) оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді;
10) мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
11) білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарын ашуға жәрдемдеседі;
12) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13) дуальды оқыту туралы шарттар жасасуға жәрдемдеседі;
14) жасалған дуальды оқыту туралы шарттардың тізілімін жүргізеді;
15) дуальды оқытуға қатысушы кәсіпорындардан (ұйымдардан) тәлімгерлерді оқытуды жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы