⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

13-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы Өзін-өзі реттеу туралы Заңы 

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен және өз жарғысымен құзыретіне жатқызылған, өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мәселелерін қарауға өкілетті, өзін-өзі реттейтін ұйымның жоғары басқару органы болып табылады. 

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы өз жарғысында белгіленген мерзімділікпен және тәртіппен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады. 

      3. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне мынадай: 

      1) өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; 

      2) өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшыларын және мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшыларының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; 

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату; 

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) мүшелерін сайлау; 

      5) ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын бұзуы туралы істерді қарау тәртібін бекіту; 

      6) өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау; 

      7) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) және мамандандырылған органдардың есептерін өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімділікпен бекіту; 

      8) өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, өзін-өзі реттейтін ұйымның жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 

      9) өзін-өзі реттейтін ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау, таратушыны немесе тарату комиссиясын тағайындау; 

      10) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінен (қатысушыларынан) шығарып тастаудың негізсіздігіне адамдардың өтініштерін қарау; 

      11) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын бекіту; 

      12) өзін-өзі реттейтін ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін жүргізуін тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау; 

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау мәселелері жатады. 

      4. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы өзінің алқалы басқару органының функцияларын жүзеге асырған жағдайда, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстары үш айда бір реттен сиретпей өткізіледі. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы