12-1-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес азаматтық авиация жүйесінің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келетін азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іске асырады, ол:
1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралардың бірыңғай кешенін білдіреді;
2) пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді іске асыруға және олармен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді;
3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеуді және бағалауды қамтамасыз етеді;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің жалпымемлекеттік көрсеткіштерін қолдайды және жақсартады.
2. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама:
1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, мақсаттар мен ресурстарды;
2) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын мемлекеттік деңгейде басқаруды;
3) ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етуді;
4) ұшу қауіпсіздігі мәселелерін мемлекеттік деңгейде танымал етуді қамтиды.
3. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері қызметінің негізгі басымдығы және міндеттемесі болып табылады.
Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы