⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Цифрлық активтердің биржалары Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы

11-бап. Цифрлық активтердің биржалары Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Цифрлық активтердің биржалары Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы 

      1. Цифрлық активтердің биржаларына қойылатын талаптар және оларды "Астана" халықаралық қаржы орталығында лицензиялау тәртібі "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалады. 

      2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі цифрлық активтердің биржасына, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар қатысушысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттар ашады. 

      3. Цифрлық активтердің биржалары жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алуға, иеленуге және олармен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар етуге міндетті. 

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер қаржы құралдары немесе қаржы активтері деп танылмайды. 

      5. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне тыйым салынады. 

       6. Цифрлық активтер биржасының және осы баптың 2-тармағында аталған субъектілердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады. 

      7. Цифрлық активтер биржалары есептілігінің тізбесі, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының актісінде айқындалады. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы