10-бап. Уәкілетті органның құзыреті Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлейдi;
4) тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және оларды Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
5) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айырады және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастайды;
6) Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келіседі;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келіседі;
8) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастырады;
9) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 10) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) мемлекеттік меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келіседі;
12) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келіседі;
13) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
14) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
19) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
20) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
23) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлейді және бекiтедi;
24) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы