⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заңы

1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі және қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады.  

      3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті қалыптастырады. 

      4. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды. 

      5. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің осы Заңмен реттелмеген мәселелері Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережемен реттеледі. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы